Республикалық жолдарға қатысты өтінімді көп беретін өңірлер белгілі болды

161

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республикалық жолдарға қатысты өтінімді көп беретін өңірлер белгілі болды Фото: РБК

2025 жылғы 14-20 сәуір аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 9 мыңға жуық өтінімді қабылдап, өңдеді.

Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 1 716 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 6 646 қоңырауға жауап берді.

"Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады: 1403 байланыс орталығы; www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы; Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403)", - делінген компания таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу