Реттелмейтін өткелдерде зардабы ауыр жол апаттары 5 есе жиі болады

391

Жол-көлік оқиғалары 13%-ға, жарақат алғандар саны 16%-ға, қаза тапқандар саны азайды.   

Реттелмейтін өткелдерде зардабы ауыр жол апаттары 5 есе жиі болады Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, жалпы апаттылықтың төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында апаттылықтың деңгейі жоғары болып қалып отыр.

"Негізгі себептердің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы. Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оқиғаларының 73%-ы келеді.

Бұл ретте адам шығынымен болған апаттардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Ең көп үлес Алматы және Астана қаласына, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарына тиесілі. Реттелмейтін өткелдерде зардаптары ауыр жол-көлік оқиғалары 5 есе жиі болады", - деді спикер Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу