Reuters: Қазақстан Ресей арқылы мұнай экспорттаудың балама жолдарын қарастырып жатыр

630

Әзірге Қазақстан тарапынан бұл ақпаратқа қатысты ресми жауап берілген жоқ.

 Reuters: Қазақстан Ресей арқылы мұнай экспорттаудың балама жолдарын қарастырып жатыр

Қазақстан Ресей арқылы мұнай экспорттаудың балама жолдарын қарастырып жатыр. Reuters агенттігі сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасап, осындай жаңалық таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған себеп Каспий теңізінен шығатын мұнай – CPC Blend бағасының тым арзандап кетуі деп жазады ақпарат көзі. Әзірге биржада оның баррелі 10 долларға дейін түскен.

Бұған дейін "Теңіз", "Қашаған", "Қарашығанақтан" шығатын шиікізаттың басым бөлігі Каспий құбыр желісі консорциумымен Еуропаға жеткізілетін. Магистраль жылына 63 млн тонна қабылдауға қауқарлы. Агенттік келтірген дәйекке қарағанда, CPC Blend бағасының түсуіне сапаның нашарлауы басты себеп. "Сондықтан Қазақстан оны "Транснефть" құбырына жалғап, одан сапасы анағұрлым жақсы – Urals сортымен араластырып алмақшы" деген күдіктің де барын жазыпты.

Бірақ бұл айтылғандарға қатысты әзірге Қазақстан тарапынан ресми жауап берілген жоқ. Ал Каспий құбыр желісі консорциумы тек тасымалдаушы екендіктерін мәлімдеді. Мәскеудегі бас кеңесі ресми жауаптың тек тапсырыс беруші компаниялар мәлімдемесінен кейін ғана жасалатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу