Режеп Тайып Ердоған Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауын айыптады

2530

Ол тараптарды халықаралық құқықты бұзбауға шақырды.

Режеп Тайып Ердоған Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауын айыптады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларын тәуелсіз мемлекеттер деп мойындауын айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Саясаткер тараптарды халықаралық құқықты бұзбауға және парасаттылықты сақтауға шақырды.

Бұған дейін Түркия СІМ Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайтынын білдірді. Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, Мәскеудің Донецк республикасын мойындау туралы шешімі "Минск келісімдерін бұзу, сондай-ақ Украинаның саяси бірлігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу" болып табылады.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: tylaz.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу