Режиссер Қуаныш Бейсек белгілі блогермен отбасын құрды

 Ол қазақстандықтарға "Дәстүр", "Ауру", "Закладка" фильмдері және "Ирина Кайратовна" жобасындағы жұмыстарымен танымал.

Режиссер Қуаныш Бейсек белгілі блогермен отбасын құрды Фото: Желіден

Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, қазақстандық танымал режиссер Қуаныш Бейсек өмірінің жаңа кезеңін бастап, екінші рет отбасын құрып отыр.

Ол сүйіктісімен түскен фото-видеоларды және қыз ұзату тойындағы кадрларды жеке парақшасында жария етті. Онда ұзату тойының Тараз қаласында өткені байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары қалыңдықтың блогер Ажар екенін жазды. Әрі оқырмандар бұл жаңалықты жақсы қабылдап, оларға ақ тілегін үздіксіз арнап жатыр.

Жаза кеткен жөн, Қуаныш Бейсек қазіргі қазақ кино өнеріндегі танымал режиссерлердің бірі саналады. Ол бірінші жары, актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен 2025 жылдың сәуірінде ажырасып кеткен еді. Олар мұны әлеуметтік желідегі парақшаларында сол уақытта жазды.

"Ғазиза екеуміз маңызды жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен, біз жақсы достар болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз", – деген-ді режиссер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу