Риддер қаласының тұрғындары көшкіннің кесірінен сусыз қалды

425

Қалаға су бүгін түстен кейін ғана келе бастаған.

Риддер қаласының тұрғындары көшкіннің кесірінен сусыз қалды Фото: ridder_novosti 24

Риддер қаласының тұрғындары екі күн бойы сусыз қалды. Қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған Громотуха өзеніне қар көшкіні түсіп, өзен арнасын бөгеп тастаған. Шаһарға су енді ғана беріле бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда соңғы бір аптада қалың қар жауып, боран соққан болатын. Артынша күн райы жылынып, Риддердегі Громотуха өзеніне қар көшкіні түскен. Ал көшкін 45 шақырым алыста құлағандықтан, қалың қардан оған бару мүмкін емес. Қала мүлде сусыз қалмас үшін кешеден бері осы салаға жауапты мамандар жерасты арқылы берілетін су тоспасын іске қосуға әрекеттенген болатын.

Айта кетейік, қала ішіндегі көпқабатты үйлерде судың қысымы күрт азайған. Ал шағын аудандарда су жоқ.

Қалаға су бүгін түстен кейін ғана келе бастаған. Бірақ ағып келген мұздар су станстансасының көздерін бітеп жатыр.

– Риддер таулы жерге салынған қала. Сондықтан мұндай жағдай жылда болатыны рас. Біз биыл бірден барлық коммуналдық мекемені жұмылдырдық. Нәтижесінде қаланы мүлде сусыз қалдырғамыз жоқ. Жағдайды үнемі бақылауда ұстаймыз, – дейді қала әкімі Дәулет Батырбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу