Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары басталды

336

Риддердегі Жылу Электр Орталығын күрделі жөндеудің бірінші кезеңі басталды. 

Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары басталды Фото: Liter.kz

Өткен ғасырдың 50-жылдарында салынған орталықтың жөндеу жұмыстарын  15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда. Орталық басшысының айтуынша нысанның 90 пайызын жаңарту керек, бұл оны қайта құрумен тең дейді.

Басты мәселе Громотуха өзені ери бастағанда жылу көзін және жалпы қаланы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайтыны анықталған. Риддер су арнасының басшылығы сумен қамтамасыз ету жобаларын әзірлеуде. 5 жылда алғаш рет Риддерде жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілді, 3,3 шақырым құбыр ауыстырылған. 

Айта кету керек, мердігерлік ұйымдар қаржыландыру басталмай тұрып іске кірісіп кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу