Риддерде қоқыстан мазут өндіретін зауыт салынуы мүмкін

1093

Риддер қаласында іссапармен жүрген облыс әкімі Даниал Ахметов жобаны қолдауға әзір екенін айтты.

Риддерде қоқыстан мазут өндіретін зауыт салынуы мүмкін

Риддер қаласында пластик пен полиэтилен қалдықтарынан мазут өндіретін зауыт салынуы мүмкін, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Қаланы қоқыстан тазартып, жолдарын жөндеумен айналысатын "Эталон" ЖШС қалдық өңдеуге бет бұрмақ. Риддер қаласында іссапармен жүрген облыс әкімі Даниал Ахметов жобаны қолдауға әзір екенін атады.

"Қолданыстағы қоқыс полигонын жабу мәселесі туындаған болатын. Біз  қордаланған материалды өңдеп, мазут шығармақпыз.  Мазутты жазда шикізат ретінде пайдаланамыз. Ал қыста артылғанын өңдеп, дизель өндіреміз. Қоқыс сұрыптайтын желіні Ресейден, өңдейтін желіні Қытай мен Иранның бірінен аламыз" – дейді "Эталон" ЖШС  директоры Виктор Стребков.

Экологиялық маңызға ие жобаны кәсіпкер өз қаржысына іске асырмақ.

"Бұдан бөлек жол жөндеумен айналысамыз. Содан түскен табысты жобаға саламыз. Сондықтан, тендерлерден қалмауға тырысамыз" – деді кәсіпкер.

Жалпы зауытқа қажет ғимараттар сатып алып, қондырғылар орнатуға 300 млн теңгеден астам қаржы қажет.

"Жобаның келешегі бар. Бәрі қалай бастайтындарыңызға байланысты. Мемлекет тарапынан  "Даму" бағдарламасы бойынша 7 пайыздық несие бере аламыз" – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу