Риддерде өзенге ағып кеткен квадроцикл жүргізушісі әлі табылған жоқ

169

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында Кедровка өзеніне ағып кеткен 64 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.  

Риддерде өзенге ағып кеткен квадроцикл жүргізушісі әлі табылған жоқ Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Оқиға 31 тамызда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Квадроцикл тізгіндеген екі ер адам өзенге құлап кеткен. Олардың біреуі өз бетімен жағаға шығып үлгерсе, екіншісін қатты ағыс алып кеткен. Содан бері құтқарушылар мен еріктілер оны іздестіріп жатыр.

Құтқару жұмыстарына қайықтар, өтімділігі жоғары техника және дрондар жұмылдырылған. Дегенмен, аймақта толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендегі су деңгейі көтеріліп, ағыс күшейгендіктен әзірге нәтиже жоқ, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Іздеуге Бутаково ауылының тұрғындары да атсалысуда. Олар өз қайықтарымен өзен арнасын шолып жүр. Алайда әуеден бақылау жүргізу үшін дрондар жеткіліксіз екені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу