Риддерде полиция қызметкері пара аламын деп айыппұл арқалады

358

30 жастағы ер адам полиция капитаны шенінен айырылды.

Риддерде полиция қызметкері пара аламын деп айыппұл арқалады Фото: polisia.kz

Риддер қаласының полиция бөлімшесі бастығының орынбасары тіркелген қылмыстық істерді тоқтатамын деп әйел адамнан 250 000 теңге көлемінде пара алған. Қызметін асыра пайдаланған ол шенінен айырылып, 7,5 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Риддер қалалық сотында пара алған полицейге қатысты сот ісі қаралды.

- Айыпталушы қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары болып қызмет еткен. Өз лауазымын асыра пайдаланған ол тіркелген қылмыстық істерді тоқтатамын деп әйел адамнан 250 000 теңге көлемінде пара алған, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен (құқық қорғау органы қызметкерінің ақша түріндегі пара алуы) кінәлі деп танылды.

30 жастағы ер адам полиция капитаны шенінен айырылып, 7 500 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу