Риддерде саңырауқұлақ теруге шығып жоғалғандар табылды

238

Іздеу жұмысына полицейлер мен құтқарушылар тартылды.  

Риддерде саңырауқұлақ теруге шығып жоғалғандар табылды Фото: polisia.kz

"112" қызметіне Риддер қаласының маңындағы "Березовая грива" орман алқабында адамдардың жоғалғаны туралы хабар түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Орманға саңырауқұлақ теруге барған үш адам – 62 және 41 жастағы екі әйел мен 9 жастағы қыз бала белгіленген уақытта туыстарымен кездесетін жерге оралмаған.

Оқиға орнына бірден полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған іздестіру тобы жіберілді. Жұмысқа жаяу топтар, арнайы автокөлік пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.

Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде барлық азамат табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады. Әйелдер мен бала туыстарына тапсырылды.

Полиция азаматтарға орманға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолға шығар алдында бағытыңыз бен оралу уақытыңызды жақындарыңызға хабарлауды, көзге бірден түсетін ашық түсті киім киюді, толық қуатталған телефон, су және азық-түлік алу керек екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу