Риддерде төтенше жағдай: энергетика министрлігі жұмысы тоқтатылған қазандықтарға қатысты пікір білдірді

469

Қалада 22 мың үйдің жылусыз қалғаны белгілі.  

Риддерде төтенше жағдай: энергетика министрлігі жұмысы тоқтатылған қазандықтарға қатысты пікір білдірді Фото: gov.kz

7 қарашада сағат 3:40-та Риддерде жылу электр орталығыдағы №2 қазандық іске қосылды, №1 қазандық іске қосуға дайындалып жатыр. Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы: кесте бойынша – 70 градус, іс жүзінде 30 градусқа дейін төмендеді.

2022 жылғы 3 қарашада Риддер ЖЭО-ны шлактан тазарту үшін №3 қазандық жұмысы тоқтатылды. 4 қарашада №2 қазандық, 6 қарашада қосалқы жабдық бойынша ақауларды жою үшін №1 қазандық және қыздыру бетіндегі ақауларды жою үшін №6 қазандық тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің басшылығымен құрылған "Риддер ЖЭО" АҚ төтенше жағдай жөніндегі жедел штабына Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері де кірді. Қазір жергілікті ауқымда жарияланған төтенше жағдайдың режимі шеңберінде өңірдің: Өскемен және Согра ЖЭО энергетиктерін тарта отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мазут қорларын жедел толықтыру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу