Риддерде үйлердегі температура төмендеу мүмкін

Қаланың жылу электр орталығындағы кезекті төтенше жағдай – өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. 

Риддерде үйлердегі температура төмендеу мүмкін Фото: kapital.kz

Аталған оқыс оқиғадан кейін Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьков қала тұрғындарына үндеу жасады. Ол өзінің Instagram парақшасында желілердегі температураның төмендейтінін, бірақ бұл уақытша екенін жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Құрметті азаматтар! 19 қаңтар күні сағат 06:54-те "Риддер ЖЭО" АҚ отынмен қамтамасыз ету цехында өрт шықты. Өртті сөндіруге ӨҚК-1, ПК-14, КУНГ ГАЗ жеке құрамы және арнайы техникалар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ. Отын беруді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылу жүйесінің температурасы уақытша төмендетіледі. Облыс әкімі Д.Қ. Ахметов. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық штабтың ақпараты кейінірек жарияланады. Тұрғындардан сабыр сақтауды сұраймыз", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу