Риддерде жас жұбайларды өлтірген күдікті ұсталды

189

Шығыс Қазақстан облысында адам шошырлық қылмыс 21 наурызда болды.  

Риддерде жас жұбайларды өлтірген күдікті ұсталды Фото: freepik.com

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне cілтеме жасап.

 Риддерде жас жұбайлардың мәйіті өз үйлерінен табылған болатын. Марқұмдардың артында 2 баласы қалды. 

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - деп хабарлады құқық қорғау органдары агенттікке берген түсініктемесінде.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу