Риддердегі жылу орталығының үш қазандығы іске қосылады

312

Жұмыс толық аяқталғаннан кейін жылу беріле бастайды. 

Риддердегі жылу орталығының үш қазандығы іске қосылады Фото: inbusiness.kz

Риддер қаласындағы жылу электр орталығының үш қазандығы жөндеуден өтті. Қазір су толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жуықта Риддер жылу электр орталығындағы қазандықтардың жөнделіп  жатқанын жазған болатынбыз. Қазір ондағы 1, 2, 3 қазандық жөнделді.

– Орталықтағы 1, 2, 3 қазандық агрегаттары бойынша жұмыстар аяқталды. Қазандықтар одан әрі жуып-тазалау үшін сумен толтырылды. Жуу процесі бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін созылады. Қысым пайда болғаннан кейін қазандықтан жағыла бастайды, – дейді Риддер қаласының қала әкімі Дәулет Батырбаев.

Мердігер ұйым "DM Energy" ЖШС-ның бас инженері Қайрат Досановтың айтуынша, дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, бірінші қазандық толтырылған соң, гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

– Барлық жұмыс уақтылы жүргізіліп жатыр. Ең алдымен үшінші қазандық агрегатын іске қосуға дайындап жатырмыз. Құбыр жүйесін монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды. Мердігер болған соң біздің негізгі міндетіміз – қандай да бір кемшілік анықталған жағдайда оны жедел жойып отыру, – дейді тағы бір мердігер – "Перспективті технологиялар" ЖШС бас инженері Александр Матвиенко.

Барлық жөндеу-іске қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін риддерліктердің үйлеріне жылу беріле бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу