Риддердің тауларында ресейлік саяхатшы әйел аяғын сындырып алған

613

Құтқарушылар туристы тау етегіне түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Риддердің тауларында ресейлік саяхатшы әйел аяғын сындырып алған Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында Қазақстанға саяхаттап келген ресейлік әйел аяғын сындырып алды.

Белгілі болғандай ол сноуборд тебу кезінде ағашқа соғылған. 1989 жылы туған әйел Омбы қаласынан саяхаттап Риддерге келген.

ТЖД қызметкерлері дер кезінде келіп, оның аяғын абайлап көтеріп, тау етегіне түсірді. Сол жерде жедел жәрдем қызметі оларды күтіп тұрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу