Риддерлік полицейлер ереже бұзған мотоцикл жүргізушісін "ерекше әдіспен" тоқтатты

663

Оқиға 16 тамыз күні тіркелген. 

Риддерлік полицейлер ереже бұзған мотоцикл жүргізушісін "ерекше әдіспен" тоқтатты Фото: Бейнежазбадан

Учаскелік полиция қызметкері құжаты жоқ 3 мотоцикл жүргізушісін тоқтату барысында өзінің де жол ережесін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті полиция қызметкерінің қарсы жолаққа шығып, біркелкі жолақты кесіп өткенін хабарлады. Сол себепті, көлік соқтығысқан, бірақ мотоциклші зардап шекпеген. 

– 16 тамызда Риддерде учаскелік полиция қызметкері қызметтік көлікті басқарып келе жатып, жол қозғалысы ережесін бұзған мотоцикл жүргізушілерін тоқтатпақ болған. Десе де, тізгінге ие бола алмай, олардың бірімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ведомство.

Полицейлердің сөзінше, мотоцикл жүргізушілері көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып отыр.

Жол ережесін бұзған полиция қызметкерінің өзі де жазадан сытылып кетпейді.

Оның әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалау үшін оған қатысты қызметтік тергеу тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу