Рим Папасы бүгінгі күнді қара түнекке балады

280

Қару-жарақ өндірісіне құйылған сансыз инвестициялар онсызда лаулап жанған соғыс отына май құйғанмен бірдей.

Рим Папасы бүгінгі күнді қара түнекке балады Фото: AP

Сондықтан, қазір бүкіл әлем қара түнекке батып отыр, деп жазады inbusiness.kz, Рим Папасы Францисктің RAI телеарнасына берген сұхбатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап raiplay.it

Понтификтің пікірінше, бүкіл әлем соғыс жағдайында тұр және оған қазір ең көп табыс әкелетін қару-жарақ өнеркәсібі кінәлі.

Сондай-ақ, ол Израиль мен Палестинаны бейбітшілікте өмір сүруге шақырды. Өйткені, барлығын сөзбен-ақ шешуге болады.

"Қазір түнекте отырғандаймыз. Бірінен-бірі асып түсетін мықтылар өзара тайталасуды доғармайынша, соғысты тоқтату мүмкін емес. Бірақ, соғыстың арты әрдайым — жеңіліс. Мен мұны тағы бір жеңіліс ретінде қабылдадым. Бірге тату-тәтті өмір сүруі керек екі халық қақ айырылды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу