Рио олимпиадасының чемпиондары музыкалық комедияға түсті

1423

Рио олимпиадасының чемпиондары музыкалық комедияға түсті

Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Василий Левит және басқа да спортшылар музыкалық комедияға түсті, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл олардың кино әлеміне алғашқы қадамы. Атлеттер түсірілім алаңындағы жұмыстар спорт алаңындағы жарыстардан соншалықты жеңіл емес екен дейді. Бұл туындыға Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен бірге қазақстандық эстрада әншілері де қатысты. "Армаңына ұмтыл!" музыкалық комедиясы екі аптаның ішінде түсірілді. Уақыт тығыз болғандықтан түсіру жұмыстары түннің бір уағына дейін жалғасқан. Әлемдік спорт додаларында шыңдалған қыз-жігіттер кино өнері біз үшін тың әлем, - дейді. "Көп болған жоқ менің ролім бұл жерде. Бірақ соның өзі ұзақ түсірілді. Сондықтан да оңай жұмыс емес екен. Бұл жерде талант та керек, қабілет те керек", – дейді Рио-Де-Жанейро олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов.

Спортшылар өздерінің ролін ойнайды. Тек Александр Винокуровқа пошташының ролі бұйырған. Спортшыларға киноға түскен ұнап қалыпты. Болашақта салмақты кейіпкерлерді ойнау туралы ұсыныс болып жатса, қарсы емес екендерін айтады.

"Егер бос уақытым болып жатса, неге түспеске. Өте қызық екен. Бірақ дәл қазіргі уақытта барлық ықыласым спортта", – дейді Рио-Де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит.

Жаңа жылдық музакалық комедияға Әділбек Ниязымбетов, Жазира Жаппарқұл, Дамир Рыспаев және өзге де спортшылар түскен. Сондай-ақ, Роза Рымбаева, Ділназ Ахмадиева, Төреғали Төрәлі сынды эстрада әншілері де қатысты. Жылдың спорттық сыйлығы негізінде Ұлттық Олимпиада комитетінің тапсырысы бойынша түсірілген кинотуындыны "Хабар" телеарнасынан 31 желтоқсан күні кешкі сағат сегіз жарымда көре аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу