Робототехникадан әлем біріншілігіне Қазақстан атынан кімдер баратыны анықталды

548

Жеңімпаз команда Женевада өтетін әлем біріншілігінде 160 елден қатысатын 190-нан астам команда арасында Қазақстанның намысын қорғайды.

Робототехникадан әлем біріншілігіне Қазақстан атынан кімдер баратыны анықталды

10 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы астаналық Оқушылар сарайында ғылыми демалыс өтті, оған 4 мың адам қатысты.

Ауқымды ғылыми фестивальдер ғылымды танымал етудің ең жарқын тәсілі ретінде таныла бастады. Соңғы онжылдықтағы әлемдік үрдіске елорда да қосылды. Ғылыми-көпшілік уикенд форматы фестивальдің басты идеясына – оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер сияқты ауқымды аудитория арасында білім берудегі ғылым мен жаңа әдістерді ілгерілетуге жауап береді.

PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білімді дамытатын "Caravan of Knowledge" білім беру қорының бастамасы бойынша жүргізіледі. Фестиваль ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, "Шеврон" компаниясының және Peremena.media білім берудегі заманауи үрдістер туралы басылымның қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестиваль бағдарламасы балалар, мұғалімдер және ата-аналар өз сұрақтарына жауап тауып, жаңа оқу жылына шабыт алатындай етіп жасалды. PRO.NRG.FEST фестиваліне келушілер  өз спикерін таңдауға және білім қуатына ие болуға – дәрістердің ақпараттық ағымына енуге, шеберлік сабақтарына дағдылануға, ғылыми шоуларды көруге бірегей мүмкіндік алды.

Сондай-ақ фестиваль аясында оқушылар арасында робототехника бойынша әлемдік чемпионат – First Global Challenge ұлттық кезеңінің финалы өтті. Жеңімпаз команда Женевада өтетін әлем біріншілігінде 160 елден 190-нан астам команда арасында Қазақстанның намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу