Рөлге ие бола алмай қалған ер адам көз жұмды

641

Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза болды, деп inbusiness.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Рөлге ие бола алмай қалған ер адам көз жұмды

Қалқаман ауылы маңындағы Қалқаман – Баянауыл-Керней автожолында Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, кюветке аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу