Роман Креч әлем кубогі кезеңінде кіші күміске ие болды

1051

Қазақстандық конькиші Роман Креч әлем кубогі кезеңінде кіші күміске ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Роман Креч әлем кубогі кезеңінде кіші күміске ие болды

Бүгін Херенвендегі әлем кубогінің ІІ кезеңінде (Нидерланд) ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша жекелей сындар өтті. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Роман Креч B тобында бақ сынады. Нәтижесінде, тиісті межені 35.494 уақытта бағындырып, кіші күміске қол жеткізді.

Айта кетерлігі, ерлер арасындағы бәсекеде Дамиан Зурк (Польша) алтын алса, Дэвид Боса (Италия) қоланы қанағат тұтты.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу