Роман Скляр неміс кәсіпкерлерімен не туралы сөйлесті?

707

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр неміс компанияларымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.  

Роман Скляр неміс кәсіпкерлерімен не туралы сөйлесті?

Бүгін үкімет басшысының орынбасары неміс компаниялары басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы екіжақты экономикалық жобалар талқыға салды.

Онлайн-кездесуге Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес, Германия Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Бергер Мигель, Siemens, BASF, Henkel AG & Co. KgaA, WILO SE, LLP C. Spaarmann, Becker Mining Europe GmbH, Svevind Energy GmbH, Robert Bosch сынды 100-ге жуық жетекші неміс компаниялары қатысты.

Роман Скляр өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, энергетика, жаңартылатын энергия көздері және тағы басқа салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріндегі табысты ынтымақтастықты атап өтіп, Қазақстан тарапы экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға дайын екендігін айтты.

Неміс компаниялары климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қалдықтарды жою, Арал теңізінің құрғауына байланысты экологиялық апатпен күресу, сумен қамтамасыз ету сынды мәселелерде ынтымақтастық орнатуға шақырылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу