Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бір ай бұрын ғаламторда сириялық балаларға бейнежолдау жариялады. Оның жолдауын 15 млн-нан астам адам тамашалап, 2 миллионы "лайк" басқан.
Футболшы Алеппо шаһарындағы және басқа да жердегі соғыстан зардап шеккен сириялықтарға азық-түлік, медициналық және психологиялық тұрғыда қолдау көрсетуге бағытталған науқанға атсалысып, "Балаларды қорғайық" бағдарламасы аясында балаларға өз тілегін білдірген.
"Сәлем! Мен бұл жолдауымды сириялық балаларға арнаймын. Біз сендердің бастарыңа түскен ауыр жағдайға қатты қынжыламыз. Мен секілді атақты спортшы болу кім-кімнің де қолынан келеді. Ал Бірақ сендер нағыз қаһармансыңдар! Үміттерің үзілмесін! Бүкіл әлем сендермен бірге. Біз сендерге алаңдаймыз! Мен сендермен біргемін!", – деп жазыпты Криштиану Роналду.