"Росатом" басшысы Путинге қазақстандық Буденовское кен орнын алғаны үшін алғыс айтты

432

Мәміле 2023 жылдың көктемінде белгілі болды.

"Росатом" басшысы Путинге қазақстандық Буденовское кен орнын алғаны үшін алғыс айтты Фото: kazatomprom.kz

Кеше, 14 тамызда Владимир Путин "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компания басшысы Буденовское кен орнын сатып алуға көмектескен Ресей көшбасшысына алғысын білдірді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Халықаралық жобалар бойынша: біріншіден, Қазақстанда Буденов кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Біз қорлар бойынша екінші орынға сенімді түрде шықтық және ядролық отын цикліндегі барлық қайта бөлу бойынша үштікке кіреміз, көшбасшылықты сақтап келеміз.

Біз, тіпті, барлық елдеріміз бойынша жеткізілімдерді аздап арттырдық, әсіресе, достық қарым-қатынастағы елдерге жеткізілімдер айтарлықтай өсуде. Олардың қатарына Азия елдері, Қытай Халық Республикасы, Таяу Шығыс, Африка кіреді. Онда бізде 60-70 пайызға дейін ЯОЦ-ке жеткізудің әртүрлі түрлерінің өсуі байқалады", — деп келтіреді Кремель баспасөз қызметі А.Лихачев сөзін.

2023 жылдың көктемінде қазақстандық миллионер Александр Клебановтың ұлы Яков пен ресейлік миллиардер Василий Анисимовтың Буденовское кен орнындағы үлестерін "Росатомға" сатқаны белгілі болды. "Қазатомөнеркәсіптің" жылдық есебінде: "ЕО "БК "Буденовское" ЖШС-нен "Ураниум Уан Груп" АҚ және "ЯОЦ логистикалық орталығы" АҚ кіретін "Степногорск тау-кен-химия комбинаты" ЖШС қатысушыларының құрамының өзгеруі туралы ақпарат алынды. Аталған компаниялардың барлығы "Росатомға" тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу