Ирандағы АЭС-ке соққы жасалса, апат салдары Чернобыльден кем түспейді

2203

"Росатом" басшысы жағдайға қатысты пікір білдірді.  

Ирандағы АЭС-ке соққы жасалса, апат салдары Чернобыльден кем түспейді Фото: thejakartapost.com

"Росатом" басшысы Алексей Лихачев әлемдік атом қауымдастығы мен МАГАТЭ ұйымымен бірлесіп ядролық объектілерге соққы жасауға болмайтынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Айтуынша, құрылыс кезеңіндегі "Бушер" атом электр станциясына оқ атылса, салдары Чернобыль апатынан кем түспеуі мүмкін.

Лихачев апатты болдырмау үшін Израиль басшылығына түсіністік танытып, сабыр қылуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Нетаньяху Израиль армиясына Иранға шабуылдарды күшейтуді тапсырғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу