"Россельхознадзор" Қазақстанның екі облысынан қызанақ пен бұрыш импортына тыйым салды

1257

Алматы және Ақтөбе облыстарынан Ресейге қызанақ пен бұрыш жөнелтуге тыйым салынбақ, деп хабарлайды Atameken.  

"Россельхознадзор" Қазақстанның екі облысынан қызанақ пен бұрыш импортына тыйым салды

18 қаңтардан бастап "Россельхознадзор" осындай шектеу енгізеді. Олар дәл осы өңірлерден жеткізілген қызанақтардан "тобамовирус" табылды дейді. Бұл өсімдік дерті аса жұқпалы келеді және оған шалдыққан көкеністің бетінде қоңыр түсті қатпарлар пайда болады. Ресейлік фитосанитарлар Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігіне 2 мәрте ескерту жасап, шара қабылдауды сұраған.

Алайда, шенділер осы уақытқа дейін шара қабылдамақ түгілі, жауап та бермеді делінген ресми хабарламада. Отандық ведомство өкілдері болса бұл шындыққа жанаспайды дейді. Айтуларынша қос өңірдегі жылыжайларда тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде бір де біреуінен тобамовирус табылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу