Роза Рымбаеваны Семей әкімі бес жыл бойы қалаға кіргізбей қойған

949

Роза Рымбаеваны Семей әкімі бес жыл бойы қалаға кіргізбей қойған

Қазақтың белгілі әншісі Роза Рымбаева Семей әкімінен бес жыл бойы қысым көргенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.
Туған жері Семейге концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.

"Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді", - деп ағынан жарылды әнші.

Сахнада айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік халық әртісін қалаға келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтты.
Алайда шендінің атын атап, түсін түстемеді. Сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйікті әншісі Семейге гастроль түгілі қыдырып та келе алмағанын алға тартты.
Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып туған жеріне жеткен. Айтуынша, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу