Қырғызстан ІІМ: Розахуновтан азаптаудың іздері айқын байқалады

1738

"Қазақстанда ұсталған Викрам Розахуновтан азаптаудың іздері айқын байқалады" дейді Қырғызстанның Әділет министрлігі өкілдері.

Қырғызстан ІІМ: Розахуновтан азаптаудың іздері айқын байқалады

Олар Қырғызстанның Бас прокуратурасына "азаптау" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы сұрау жіберген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, мұндай істе "азапталушыға" мамандар мен адвокаттарды байланыстырудан бас тарту – дәлелдемелер мен азаптауларды жасыру әрекеті ретінде қарастырылады. Қазақстанның күш құрылымдары біздің консулдық қызметкерлері мен адвокаттарымыздың ұсталған барлық Қырғызстан азаматтарымен, соның ішінде Викрам Розахуновпен байланысуына жағдай жасауы тиіс", – деп хабарлайды Қырғызстан Әділет министрлігі.

Бұған дейін Қазақстанда Қырғызстаннан келген "жұмыссыз" азамат ұсталғаны хабарланған. Ол митингке қатысу үшін "белгісіз адамдардан 90 мың теңге алған" делінген болатын.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі бұл азамат белгілі музыкант Викрам Розахунов екенін, оның "терроистерге еш қатысы жоғын" мәлімдеген. "Қазақстан қате ақпарат таратып отыр" деген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу