banner

Рубльдің нығаюына қарамастан теңге әлсіреуде

607

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауданың ашылуынан бастап доллар бағамы өсті, деп жазды inbusiness.kz.  

Рубльдің нығаюына қарамастан теңге әлсіреуде

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 3,68 теңгеге көтеріліп, 433,45 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы 429,41 теңге.

Ұлттық валюта Мәскеу биржасында рубльдің АҚШ долларына шаққанда нығаюына (-0,73%) және Brent маркалы мұнай бағасының өсуіне қарамастан әлсіреуде. 

Айта кететіні, "қара алтынның" баррелі қазір 120 долларда саудалануда. 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 432,44 теңге, сату – 436,78 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 431,81 теңгеден сатып алынып, 434,08 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу