Рубльге сұраныс 2 есе, юаньға сұраныс 3 есе артқан

570

Шетелдік валюта нарығы қызып тұр.

Рубльге сұраныс 2 есе, юаньға сұраныс 3 есе артқан

KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская 
Қазақстан қор бирдасында көрші елдердің валюталары нығайғанын айтады.

"Шілдеде шетелдік валюта нарығы 1 пайызға өсті. Оның жалпы көлемі 869,7 млрд теңгені құрады. Әсіресе өңірлік валюталар үшін жағымды ахуал қалыптасып отыр. Атап айтсақ, рубль мен юань нарығы өсті. Рубль екі есе, юань 3 есе өсім көрсетті. Бұл тіпті 2019 жылғы көрсеткіштен де жоғары. Пандемия кезінде Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының негізгі сауда серіктесіміз болуы осындай жағдай туындатып тұр", – деді KASE өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу