Рудный әкіміне орынбасары алған пара үшін сөгіс берілді

724

Рудный әкіміне орынбасары алған пара үшін сөгіс берілді

Рудный әкімінің орынбасары Мақсұт Досполовтың 15 миллион теңге пара алғаны дәлелденген соң қала басшысы Бақытжан Ғаязовқа сөгіс берілді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Қазір мемлекеттік органның басшысы қарамағындағы адам жемқорлық қылмысын жасаса, қызметінен босатылуға тиіс дейтін норма жоқ. Дегенмен мұндай фактіге міндетті түрде баға беріледі", - деп түсіндірді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев. 

2017 жылы департамент 27 мемлекеттік орган мен 12 ұйымдағы жемқорлық тәуекеліне талдау жүргізіп, 160 заңбұзушылықты жойды. 55 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның дені полиция қызметкері. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары санатында пара алу және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану бірінші орында тұр.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу