Рудный қаласында түзету мекемесінен қашқан 2 жасөспірім табылды

209

15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қаладағы бүкіл полицейді аяғынан тік тұрғызды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рудный қаласында түзету мекемесінен қашқан 2 жасөспірім табылды Фото: Қостанай облысы ПД

Оларды іздестіруге 20 бірлік техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сондай-ақ Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді.

Іздеу іс-шаралары сол сияқты Қостанай ауданының жақын ауылдарында жалғасты. Өйткені жасөспірімдерді Сергеев және Константиновка ауылдарында соңғы рет көрген.

Полиция департаменті олардың аман-есен табылғанын хабарлады.

Бұған дейін 7 сәуірде Рудный қаласында полицияға "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығы" 2 тәрбиеленушісінің жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу