Қостанай облысы Рудный қаласында криминалдық полиция қызметкерлері ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап.
Деректерге қарағанда, бұл жағдай наурыз айында болған, алайда ақпарат тек қазір ғана белгілі болды.
Олар пара алды деген күдікке ілінген.
Қостанай облыстық полиция департаменті 17 наурызда үш қызметкердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің антикоррупциялық қызметі мен ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізген бірлескен операция барысында қолға түскенін растады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі (пара алу) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу