Рудныйда салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді

209

Ляйсан есімді қыз бала 10 сәуірде өмірге келген.  

Рудныйда салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді Фото: Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 5 келі 190 грамм қыз бала дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл – Рудный қаласының тұрғыны Индираның екінші баласы. Тұңғышы 3 келі 100 грамм салмақпен дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бен анасының жағдайы жақсы.

"Мен 37-аптада УДЗ-ға түстім, олар баланың салмағы шамамен 3700 грамм деп есептеді. Әрине, 41 аптада нәресте 5 келіге дейін өскен кезде қатты таң қалдым. Қызымның да, менің де жағдайым жақсы. Есімді жолдасым екеуміз бірге таңдадық. Бізге Ляйсан есімі ұнады", – дейді нәрестенің анасы.

Осымен Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында жыл басынан бері салмағы 5 келіден асатын төртінші нәресте дүниеге келіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу