Рудныйда түлкі ұстау кезінде ұйықтататын дәріге шыдамай өліп қалды

221

Жыртқыш аң тұрғын үйге кіріп кеткен.    

Рудныйда түлкі ұстау кезінде ұйықтататын дәріге шыдамай өліп қалды Фото: Видеодан скриншот

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардан түскен хабардан кейін оқиға орнына полиция мен арнайы қызметтер келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аурулардың таралу қаупін ескере отырып, жануардың жақын маңдағы супермаркет пен балабақша аумағына шығып кетпеуі үшін кіреберіс пен жертөле қоршауға алынған.

Түлкіні аулау "ұстау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару” бағдарламасы аясында жүргізілген.

“Мамандар ұйықтататын дәрі қолдану арқылы түлкіні әрекетсіз күйге келтірмек болды. Алайда жануардың жасы ұлғайғаны және қатты әлсірегені салдарынан препарат күткендей әсер етпеді. Одан арғы әрекеттер қолданыстағы биологиялық және ветеринариялық нормаларға сәйкес жүзеге асырылды”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Нәтижесінде, қатты әлсіреген түлкі ұйықтататын дәрінің әсеріне төтеп бере алмай, өліп кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу