Рудныйда жүк көлігі отқа оранды

156

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Рудныйда жүк көлігі отқа оранды Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Рудный қаласының Топоркова көшесінде жүк көлігі өртенді. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндірушілер келген кезде көліктің мотор бөлігі мен кабинасы ашық жалынға оранған. Өрт көбіктүзгіш зат қолдану арқылы сөндірілді.

ТЖМ автокөліктерді уақтылы техникалық тексеруден өткізіп, жанармай және электр жүйелерінің жағдайын бақылауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу