Рудныйда жылы аялдамалар орнатылады

759

Өзара әріптестік туралы Меморандумға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев қол қойды.  

Рудныйда жылы аялдамалар орнатылады

Eurasian Resources Group (ERG) 2020 жылы Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 3,1 млрд теңге бөлмек, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысында әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды әкімдікпен бірлесе отырып жүзеге асыруға ERGбиыл 3 млрд 117 млн теңге бөледі. Қол қойылған Меморандум ҚР Үкіметі мақұлдаған аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы аясында жасалып отыр. Қаражаттың басым бөлігі Рудный қаласы мен Қашар кентінің жылу желілерін күрделі жөндеуге жұмсалады. Әрі осы өңірлердің тұтынушыларын электр қуатымен арзандатылған бағамен қамтамасыз етуге бағытталмақ. 

"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аймақтарды дамытуды қазіргі таңдағы ең негізгі міндеттердің бірі деп атап атты. Осы орайда мен әкімдіктермен арада жасалған меморандумдардың әрқсайсысы – аталған тапсырманы орындау мен тұрақты қоғам қалыстастыру қамы деп батыл айта аламын, –  деді Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Меморандум жобаларын іріктеуде ERG Топ кәсіпорындары орналасқан шағын қалаларға айрықша көңіл бөледі. Мәселен, Арқалықта мектеп, Рудный мен Лисаковск қалалары, Қашар мен Октябрьский кенттерінде жолдар жөнделеді. Рудный мен Қашар арасындағы жол жөнделіп, жедел жәрдем машиналары сатып алынады.    

Бұдан бөлек, меморандум аясында "ССКӨБ" АҚ-ның Қашар кентіндегі сауықтыру орталығын күрделі жөдеуден өткізу көзделген.

Осымен үшінші жыл қатарынан ERG кәсіпорындарының қызметкерлері ұсынған жобалар Меморандумдар тізіміне еніп келеді. Биыл "ERG қаласы" байқауының финалына шығып, командалар тиянақты әзірлеп әбден пысықтаған жоба жүзеге аспақ. Рудный қаласында екі жылы аялдама орнатылады. Бірі ССКӨБ өңдіріс аумағында болса, екіншісі қала орнатылығында. Орталық "Достық" саябағында "ERG-Джуманджи" атты жаңа арқан саябағы салынбақ. Қызметкерлер бастамасымен жеңіс күні қарсаңында Арқалықтың қалалық саябағындағы ескерткіш обелиск жаңғыртылып, отбасылар тығынатын жаңа саябақ та ашылмақ. Рудный мен Лисаковск қалаларының орталық көшелеріне көліктердің жылдамдығын анықтайтын электронды таблолар орнатылып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сеп болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу