Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

169

Қайғылы оқиға бүгін электрмен болат балқыту цехында болған.  

Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты Фото: erg.kz

"ERG Service" ЖШС-нің Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытында жұмысшы қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат балқыту пешінде жұмыс істеп жатқан кезде кәсіпорын қызметкері қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"ERG Service" ЖШС ұжымы мен басшылығы қаза тапқан жұмысшының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания сонымен қатар марқұмның отбасына қажетті көмектің бәрі көрсетілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу