7 сәуір күні 17 жастағы Владислав Полстянкин мен 15 жастағы Ярослав Фролов мекеменің терезесі арқылы қашып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты жергілікті kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта оларды іздестіруге 20 техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сондай-ақ Рудный қаласының тұрғындары мен еріктілер жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді. Қазір Қостанай ауданының жақын ауылдарында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, өйткені жасөспірімдерді соңғы рет Сергеевка және Константиновка ауылдарында көрген", – деп хабарлады Қостанай облысының Полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу