"Рұқсат қағазын алмай жұмыс істеді": Сот көшіп келген қандасты жауапқа тартқан

163

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қандас мәртебесін алған азаматты жергілікті атқарушы органнан рұқсат алмай, еңбек еткені үшін жауапқа тартты.  

"Рұқсат қағазын алмай жұмыс істеді": Сот көшіп келген қандасты жауапқа тартқан Фото: pixabay.com

Іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қозғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес "қандас" мәртебесін алған адамға еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу талап етілмейді", – делінген прокуратура хабарламасында. 

Осыған байланысты Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуроры соттың қаулысына апелляциялық өтінішхат енгізді.

03.02.2025 жылы Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша бірінші сатылы сот қаулысының күшін жойып, іс тоқтатылды.

Сол арқылы тарихи отанына оралған және "қандас" мәртебесін алған тұлғаның құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу