Румынияда "Петромидия" мұнай өңдеу зауытының қуаты артты

355

Өйткені, жаңа жылу электр станциясы зауыттың электр қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.  

Румынияда "Петромидия" мұнай өңдеу зауытының қуаты артты Фото: kmg.kz

Бүгінгі таңда мұнай өңдеу зауыты меншікті генерация есебінен өзін электр энергиясымен және технологиялық бумен толық қамтамасыз етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл кәсіпорынның сырттан энергия тарту тәуелділігін азайтады, операциялық шығынды оңтайландырады және өндірістік процестердің сенімділігін арттырады.

Сонымен қатар станция энергетика жүйесінде ақау болған жағдайда, мұнай өңдеу кешенінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ете отырып, дербес жұмыс істей алады.

Электр энергиясының артылған көлемі Румынияның Ұлттық энергетика жүйесіне өткізілді, бұл МӨЗ орналасқан өңірді энергиямен жабдықтау балансын ұстап тұруға және биылғы 4 айда $6 млн қосымша кірісті қамтамасыз етті.

Станцияның негізгі жабдықтары – Siemens SGT-750 екі газ турбинасы, олар Румынияның энергетика секторында алғаш рет қолданылды. Әрқайсысы табиғи газ бен мұнай өңдеу нәтижесінде түзілетін газдың қоспасын пайдаланып, шамамен 39 МВт сағ электр энергиясын өндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу