Румыниядағы Қазақстан Елшісі Президентке сенім грамоталарын тапсырды

258

Елші Амангелді Саинов Румыния өзінің дипломатиялық міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.    

Румыниядағы Қазақстан Елшісі Президентке сенім грамоталарын тапсырды Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Румыния Президенті Никушор Дан Елшіні тағайындалуымен құттықтап, жауапты дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі, сондай-ақ Қазақстан мен Румыния арасындағы достық және сындарлы қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының өткен сайлауының қорытындылары туралы таныстырды.

Кездесу барысында қазақ-румын қатынастарының жай-күйі мен перспективалары жөнінде пікір алмасты. Тараптар саяси диалогтың оң динамикасын және практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Қазақстанның Румыния мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі бөлек талқыланды. Осыған байланысты қазақстандық мұнайдың еуропалық нарықтарға жеткізілімдерінің және екі ел арасындағы сенімді энергетикалық әрі көлік бағыттарын одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу