Румыниядан бір топ делегация келді

715

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Румыния Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Алина-Штефания Горгиу бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Румыниядан бір топ делегация келді

Нұрлан Нығматулин Румыния Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі екенін және маңызды саяси, экономикалық серіктес ел екенін атап өтті. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Алина Горгиудың елімізге сапары парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін айтты.

Өз кезегінде, Румыния Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қазақстан – Румыния үшін маңызды серіктес ел екенін және парламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларына қатысты басым бағыттарға назар аударды.

Мәжіліс төрағасы Қазақстан мен Румыния парламентшілерінің бірлескен жұмысын жандандыру заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа ықпал ететініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу