Руслан Берденов енді сот отырысына онлайн болса да қатысады

Бұл туралы судья Әбінұр Қарабаев айтты. 

Руслан Берденов енді сот отырысына онлайн болса да қатысады Фото: gov.kz

Бүгін Шымкент әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша үшінші сот отырысы өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

18 тамыз күнгі үкім шығаруға дейін тараптардың жарыссөзі өтуі керек. Содан соң прокурор мен қорғаушы ұстанымдарын білдіріп, судья қорытынды шешімді дайындайды. 

Судья жәбірленушінің сот процесіне жеке өзі немесе онлайн режимде қатысуын талап етіп отыр. Оның ресми өкілі Жеңіс Тыныбекке жүктеп, аталған мүмкіндікті нақтылауды тапсырды. 

– Егер Руслан Берденов келе алмаса, тергеу барысында берген жауабының бейнежазбасы пайдаланылады, – деп қосты Әбінұр Қарабаев. 

Ол істі толық қарау үшін жәбірленушінің тікелей қатысуының маңызды екенін жеткізді. 

Бүгін түске дейінгі сот отырысында қорғаушы тарап оқиға болған жерді қарау хаттамасы мен екі куәгердің жауабын заңсыз деп тану туралы өтінішхат берді. 

Сот процесінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасалғаннан соң түсірілген әкімдік ғимаратының ішкі бейнебақылау камераларының жазбалары ұсынылды. Мұнан полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобының келген нақты уақытын білуге мүмкіндік бар. 

Бұған дейін сотта Руслан Берденовке оқ атқан сәттің бейнежазбасы көрсетілген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу