"Халық естісін деймін": Руслан Берденовке оқ атқан сотталушы шулы мәлімдеме жасады

Шымкент шаһарында қала әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша сот процесі бастау алды.  

"Халық естісін деймін": Руслан Берденовке оқ атқан сотталушы шулы мәлімдеме жасады Фото: коллаж inbusiness.kz

Сот барысында айыпталушы жұмыста қысым көргенін жеткізіп, әйелі Руслан Берденовті үлгі етіп, ажырасуға арыз бергенін де жайып салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы, күдікті Ернар Жиенбайды 4 адвокат қорғауда, оның бірі – әкесі. 

Бүгін Шымкент қаласының әкіміне, орынбасары Руслан Берденовке және келіншегіне қатысты резонансқа толы сөздер айтқан сотталушы қастандық жасауының себебін түсіндіріп көрді. 

– Бұл сөзімді халық естісін деймін. Бұл жағдайдың жұмысқа еш қатысы жоқ. Бәрі қызғаныштан шыққан. 6-сыныптан бері бірге оқыдық. Ол – менің адал жарым, сүйікті әйелім. Мен оның ешқашан бөтен біреумен сөйлесіп тұрғанын көрген емеспін. Ол – жақсы отбасыдан шыққан, тәрбиелі қыз. Әлеуметтік желілерде жазып жатқандай жеңіл мінезді емес, – деді сотталушы.

Бұған дейін Руслан Берденовке оқ жаудырған азамат сотта өз шындығын айтып, ел дүрлігетін мәлімдеме жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу