Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

748

Руслан Желдібай ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.   

 Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды Фото: akorda.kz

"Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын" - делінген Жарлықта.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
  • Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.
  • 2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
  • 2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
  • 2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
  • 2020-2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
  • 2022 жылғы ақпаннан бастап Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
  • 2022 жылғы 14 сәуірден бері ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу