Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

855

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі:

Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университеті, Уорвик университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.

  • 2012-2018 жж – "Алматы" телеарнасында бөлім меңгерушісі, продюсер.
  • 2018-2019 жж - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы міндетін атқарушы, басшысы.
  • 2019-2020 жж – Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
  • 2022 жылғы 22 сәуірде ҚР Президенті баспасөз хатшысы.
  • 2023 жылғы 5 қаңтардан Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып жұмыс атқарды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу