Рүстем Жүрсінов Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

828

Қазақстанның бизнес-омбудсмені Рүстем Жүрсінов Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы әрі иесі Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Рүстем Жүрсінов Алмас Әбдіғаппаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Рүстем Жүрсінов пікірін Facebook-тегі парақшасында жазды:

"Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуі, соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауы қоғам мен БАҚ-та қызу талқыға түсті.

Мен сотқа дейінгі тергеуге араласпаймын және Ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеуді объективті және бейтарап жүргізеді деп үміттенемін. Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты өз ұстанымымды білдіруге болады деп ойлаймын.

Қазақстанның қылмыстықты істі жүргізу кодексі түрлі бұлтартпау шараларын, оның ішінде кепілді қолдануға мүмкіндік береді.

Тергеу судьясының құзыретіне кепілді қолдануға және мүлікке тыйым салуға санкция беру мәселелерін қарау кіреді және іс жүзінде бұл шаралар жеткілікті болып саналады.

Алмас Әбдіғаппаровқа тоқталсам. Ол бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, тұрақты жұмыс орны мен тұрғылықты жері бар және оның отбасымен бірге тұратынын атап өту керек.

Осыған байланысты мен Қазақстанның Бас прокурорына және Алматы қаласының сотына осы мәселе бойынша заңды және негізделген шешім қабылдай отырып, істің мән-жайын объективті және жан-жақты зерттеу туралы өтінішхат жолдадым.

Сотқа дейінгі тергеуді бақылауда ұстаймыз, қабылданған шешім туралы қосымша хабарлаймыз.

Кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеудің әрбір жағдайын төтенше оқиға ретінде қараған жөн. Себебі, қылмыстық қудалау органының ойламай жасаған іс-әрекеті кәсіпкерді әріптестері және кәсіпорын жұмысшылары арасындағы сенімнен айырады, әрі кәсіпорын шығынға кейін банкротқа ұшырауы мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу