Рыбакина әлемдік рейтингте тағы бір саты жоғарылады

426

Рейтингте бірінші орынға Белорусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентек екінші қатарға түсіп қалды. 

Рыбакина әлемдік рейтингте тағы бір саты жоғарылады Фото: ҚТФ

Рейтингтің live-нұсқасында Рыбакина төртінші орыннан үшке көтерілді. 

"Ролан Гаррос" жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингісінде жоғарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz  Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Мұндай өзгерістер ойыншыларға былтырғы "Ролан Гаррос" жарысының рейтинг ұпайлары есептелгенімен байланысты болды. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу